Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сотта кездесеміз": Madlen лақап атымен танылған блогер өзін балағаттаған стендаперге жауап берді

Әлеуметтік желіде Madlen лақап атымен танылған Мадина Мамадалиева белгілі әзілкеш, стендапер Нұрасқан Басқожаны жеке басыма тіл тигізді деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/_m_a_d_l_e_n/

Әзілкеш стендап сахнасында жемқорлық туралы әзіл айтып, көрерменді күлдірді. Сөз арасында блогердің атын айтты. 

“Ақшаны ұрлауды жалғастыра бересің. Сосын Дубайға қыдырып, Мадлен сияқты блогерлермен ұйықтап, демаласың”, – деп әзілдеді стендапер. 



Көрермен арасынан келген видеоны көрген блогер қатты ашуланып, ар-намысыма нұқсан келді деп әзілкешті айыптады. 

“Бұл қандай адам?! Менің атымды пайдаланып, беделімді түсіретін кім еді?! Мен оны бұлай қалдыра алмаймын. Ар-намысыма нұқсан келтіргені үшін арыз жазамын. Мұндай әзіліңе ешкім күлмейді. Сенімен сотта кездесеміз”, – деп ашуланды блогер. 

Одан кейін айтқан сөзіне қатты өкінетінін айтып, әзілкеш жеке парақшасында жазба жариялады. 

“Мен өрескел қате жасадым. Кешірім сұраймын. Сізбен жолығып, жеке кешірім сұрауға да дайынмын. Енді сізбен мүлдем қалжыңдаспауға уәде беремін. Басқа әзіл айтып жүрген әріптестеріме де сабақ болсын! Бұл оқиғаны бұдан әрі дамытпауларыңызды сұраймын. Маған басқа біреудің атақ-даңқы мен айқайлауының қажеті жоқ”, – деп жазды әзілкеш. 

Алайда блогер кешірімінің қажеті жоқ екенін ескертті. 

Фото: https://www.instagram.com/_m_a_d_l_e_n/

Талқылау