Солтүстік Қазақстанда көлік жүргізушісі 18 жастағы жігітті қағып, өлім аузына тастап кетті
Солтүстік Қазақстан облысында 18 жастағы жігітті жолда қағып кеткен жүргізуші оны өлім аузына тастап кетті, деп хабарлайды Stan.kz апарат агенттігі.

Оқиға 7 маусымда Мағжан Жұмабаев ауданындағы Полудино ауылының жанында болған.
"2002 жылы туған осы ауылдың тұрғыны табылды. Анықталғандай, жас жігіт орталық аудандық ауруханада жол апаты салдарынан алған жарақатынан көз жұмды", - деді СҚО полициясында.
Құқық қорғау органдары қылмыстық кодекстің "көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соққан" бабы бойынша тергеу жұмыстарын бастады.
Полицияда бұл мәселе ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді.
"Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта ЖКО-на кінәлі адамды анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деді полицияда.
Қазақстанның вице-президенті кім болуы мүмкін және оның өкілеттігіне не кіреді: Саясаттанушылар жауабы
Сондай-ақ вице-президент нақты қандай қызмет атқаратынын анықтадық
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді