Солтүстік Қазақстанда екі адам шошқа тұмауын жұқтырды
Еліміздің солтүстігінде екі адамнан шошқа тұмауы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Рixabay.com
Инфекция жұқтырғандардың бірі мектеп оқушысы болса, екіншісі – әскери қызметкер. Десе де дәрігерлер науқастардың жағдайы тұрақты деп отыр.
“Шошқа тұмауын жұқтырған екі науқас та тұмауға қарсы екпе алмаған. Қазір олар ем қабылдап жатыр”, – деді дәрігерлер.
Бұл инфекция үй құстары мен шошқадан жұғады. Ал адамнан адамға ауа арқылы таралады. "АШ1ЭН1" вирусына шалдыққан адамның басы мен бұлшық еті ауырады. Науқасты құрғақ жөтел қысып, дене қызуы көтеріледі. Дәрігерлер аталған белгілер байқалған болса бірден емханаға жүгінуге кеңес береді.
Бұған дейін Ақтөбеде 26 адамнан шошқа тұмауы анықталған еді.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"