Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында трактор мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан үш адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агеттігі хабарлайды. 

Фото: Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті

Облыстағы полиция департаментінің мәліметіне сенсек, жол-көлік апаты бүгін Қызылжар ауданы Бескөл ауылынан 3 шақырым жерде болған. "Астана – Петропавл" автожолында Infiniti FX45 автокөлігінің жүргізушісі бір бағытта кетіп бара жатқан "Беларус" тракторының тіркемесіне соғылған.

Апат салдарынан жеңіл көліктің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 37 және 27 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір 1996 жылғы жолаушы қыз бала орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Трактордың 35 жастағы жүргізушісі зардап шекпеді.

"Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері үш адамның қазасына алып келген жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалар мен сотқа дейінгі іс жүргізуді тағайындау үшін материалдар жинап жатыр", – делінген полиция хабарламасында.



 

Еске салайық, бұғае дейін Жезқазған-Сәтбаев тас жолындағы жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан екі баласы бар әйелді көлік қағып кеткенін жаздық. Қайғылы жағдай “Восток” кооперативіндегі “Дача” аялдамасының жанында болған. 

Талқылау