Алматы-Екатеринбург тас жолында ірі жол апаты болып, бес адам қаза тапты
14 шілде күні сағат 12:00 шамасында Алматы-Екатеринбург тас жолында Ақшатау кентінен 30 шақырым жерде автобус пен Toyota Estima көліктері соқтығысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Оқиға салдарынан Toyota Estima көлігінің төрт жолаушысы мен автобустың бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
11 адам түрлі дене жарақаттарымен медицина мекемесіне жеткізілді.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерін сақ болуға және жылдамдықты шектен асырмауға шақырады", – делінген хабарламада.
Алматылықтар ONAY QR кодының істен шыққанына жаппай шағымданды: Метрополитен себебін түсіндірді
Желі қолданушысы: "Жаппай кешігу күні болды"
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес