Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент танымал музыкант Скриптониттің шығармашылығын түсінуге уәде берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Скриптониттің шығармашылығымен бірнеше рет танысып шыққанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президент танымал музыкант Скриптониттің шығармашылығын түсінуге уәде берді

Ресейлік журналист Алексей Пивоваров мемлекет басшысынан Скриптониттің өнері жайлы не ойлайтынын сұрады. Президент 2.0. деректі фильмі "31 арнада" көрсетілді. 

"Мен оны бірнеше рет тыңдадым. Бірақ беріліп, мағынасын түсіне бастадым деп айта алмаймын. Дегенмен бұл бағытта бірнәрсе істеуге тырысып көремін. Уәде беремін", — деді Тоқаев. 

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Димаш Құдайбергеннің жетістіктеріне тоқталды. 

"Біз Қытай халқын баурап алып, қазіргі кезде Ресей халқын бағындырып келе жатқан, Кремль сарайында бірнеше концерт берген Димашты мақтан тұтамыз. Аншлаг, толған аншлаг", — деді президент. 

Әділ Жәлелов — елімізде және ТМД-ға мүше елдердің арасында "Скриптонит" атты есіммен танымал музыкант, рэп-орындаушы. 

Естеріңізге сала кетейік, сұхбат барысында президент өзіне ширақ бол дегендерге жауап беріп, Қазақстанда интернетті өшіру туралы не ойлайтынын айтып берді

 

Талқылау