Скотчпен жапсырылған бағдаршам алматылықтардың жағасын ұстатты (видео)
Алматыда бағдаршам скотчпен жапсырылған. Мұны қала тұрғыны Ринат Абдулхаликов өз Facebook парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Автор жазбасында скотчпен жапсырылған бағдаршам Достық пен Төле би көшелерінің қиылысында екенін көрсеткен.
Бұл ретте желі қолданушылардың бірі "Өте ұят нәрсе" деп жазса, кейбіреулері "Біздің елде барлығы скотчпен байланған" деп мазақтады.
Ендігіде Алматы қаласының мамандандырылған монтаж-пайдалану мекемесінің қызметкерлері скотчпен жапсырылған бағдаршамды жөндеп қойды. Анықталғандай, ол жол жөндеушілердің абайсыздығынан болған.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"