Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да велосипедпен жүрген 12 жасар қызды «КамАЗ» жүк көлігі басып өлтірді

Солтүстік Қазақстан облысында "КамАЗ" жүк көлігі велосипедпен соқтығысып, салдарынан 12 жасар қыз оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

велосипед

Бейресми ақпараттар бойынша, қайтыс болған қыз жаттықтырушының қызы болған.

Апат таңғы сағат 10-дар шамасында болған. Оқиға орнында Қызылжар аудандық ІІБ тергеу-жедел тобы жұмыс жасауда.

Жол-көлік оқиғасы жайында кейін СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

"14 қыркүйек күні сағат 10:00 шамасында Қызылжар ауданы аумағында, "Петропавл-Жезқазған автожолының 953 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан велосипед мінген 12 жастағы қыз жүк көлігінің астына түсті. Апат орнына Қызылжар аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы барды. Анықталғаны, "КамАЗ" көлігінің 31 жастағы жүргізушісі велосипедшілермен бір бағытта Петропавлға бара жатқан. Спорт мектебінің тәрбиеленушілері әуежай жақтан шыққан екен. Оларға ілескен "Газель" көлігі болған", – деді полиция.

Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне "Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша енгізілді. 

Қылмыстық іс аясында барлық тиісті сараптамалар жасалып, апат жағдаяты анықталатын болады.

Талқылау