Jetour EcoCrew Алматы мен Астанада 800-ден астам қап қоқыс жинады
10 қазанда Jetour EcoCrew экологиялық бастамасы Алматы мен Астана тұрғындарын табиғатты қорғау жолында біріктірді. 130-дан астам адам мен Jetour X70, X70 Plus, T1 және T2 көліктерінің 50 иесі тазалық жұмыстарына қатысты. Алматы маңындағы Құрты су қоймасы мен Астана іргесіндегі Тайтөбе аумағында өткен шара нәтижесінде 800-ден астам қап қоқыс жиналды. Оның жалпы салмағы 2,5 тоннадан асты. Жиналған қалдықтардың арасында пластик, шыны және басқа да тұрмыстық қоқыс бар.
Қоршаған ортаның ластануы – бүкіл әлемге ортақ мәселе. Алайда табиғаттың тазалығы әр адамның күнделікті әрекетіне де байланысты. Қоқысты кез келген жерге тастау немесе өзімен бірге алып кету, ластанған аумақты көрсе де өте шығу немесе тазалыққа үлес қосу – мұның бәрі қоршаған ортаға деген көзқарасты көрсетеді. Құрты су қоймасы мен Тайтөбеде өткен экологиялық акция осы жауапкершіліктің маңызын тағы бір аңғартты.

Мұндай бастамалар өзгелерге де үлгі бола алады. Жүзден астам адамның бір мақсатпен жиналып, табиғатты тазартуға кірісуі айналасындағы талай жанды осындай игі іске ынталандыруы мүмкін. Өйткені демалыс орындарының тазалығы тек арнайы қызметтердің жұмысына емес, сол жерге келген әр адамның мәдениетіне де байланысты. Қоқысты шашпай, айналаны таза ұстау, тазалық жұмыстарына атсалысу, экологиялық шараларға қатысу – табиғатқа жанашырлықтың қарапайым көрінісі.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қоғамға пайдалы істерді қолдаудан да көрінеді. Jetour EcoCrew көпшіліктің басын қосып, табиғатты қорғау бастамасын іс жүзінде жүзеге асырады. Мұнда экология туралы айтып қана қоймай, әр қатысушының өз қолымен игі іске үлес қосуына мүмкіндік бар.
Табиғатқа жанашырлықты келер ұрпақтың бойына сіңіру де маңызды. Балалар мен жасөспірімдер үлкендердің ісіне қарап үйренеді. Ересектер демалыс орнын таза ұстап, қоршаған ортаға ұқыптылық танытса, бала да табиғатты қорғаудың күнделікті өмірдің бір бөлігі екенін түсінеді. Өйткені көп айтылған ақылдан бір көрсеткен өнеге артық.

Экологиялық бастамалар жалғасып келеді
Jetour EcoCrew мұндай шараны алғаш рет өткізіп отырған жоқ. 2025 жылдың тамызында бастамаға қатысушылар Іле өзенінің жағасынан 50-ден астам қап қоқыс жинаған. Ал 2026 жылдың мамырында сол аумақта тағы бір тазалық жұмысы ұйымдастырылып, шамамен 500 мың шаршы метр жер тазартылды. Сол кезде екі тоннадан астам қалдық шығарылған. Акцияға 90 адам мен Jetour T2 маркалы 30 көлік қатысқан.
10 қазандағы шара жобаның аясын кеңейтіп, Алматы мен Астанадағы Jetour X70, X70 Plus, T1 және T2 иелерін бір мақсатқа біріктірді. Қатысушылардың ортақ ұстанымы – экология туралы сөзбен шектелмей, нақты іске кірісу және өзгелерге үлгі болу.
Jetour EcoCrew — "жауапты саяхат" қағидасын ұстанатын жандардың басын қосады. Саяхаттың мәні тек жаңа жерлерді көру мен жақсы әсер алуда емес. Табиғат аясынан қайтқанда, сол жерді қалай қалдырғанымыз да маңызды. Қоршаған ортаға қамқорлық таныту әр сапардың ажырамас бөлігіне айналуы керек.
Jetour қатарына қосылып, жайлы да әсерлі саяхаттарға жол ашыңыз!
Jetour көліктерінің қолданыстағы бағалары мен қаржыландыру бағдарламалары туралы толық ақпаратты jetour-auto.kz сайтынан немесе Қазақстанның ресми дилерлік орталықтарынан білуге болады.
