Қазақстандық режиссер "Яндекс Дискідегі" ақауға байланысты Кенесары туралы фильмінің материалдарын жоғалтып алған
Қазақстандық режиссер Мұхтар Умаров "Яндекс Дискідегі" ақаудан кейін "Хан Кенесары: Соңғы шайқас" деректі фильміне арналған материалдарының бір бөлігін жоғалтқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Режиссер болған жайсыздықтарды желіде жазды.
“Украиналық дрондардың шабуылынан кейін "Яндекс Диск" қызметінде ақаулар туындап, "Хан Кенесары: Соңғы шайқас" деректі фильміне арналған кейбір архивтік материалдар жоғалды. Бұл материалдар фильмнің мазмұнын толықтыруға және тарихи оқиғаларды тереңірек көрсетуге арналған еді”, – деді ол.
Дегенмен режиссер ештеңеге қарамастан "Хан Кенесары: Соңғы шайқас" деректі фильмімен жұмыс жалғасатынын алға тартты.
“Бақытымызға орай, фильмнің негізгі материалдарының резервтік көшірмесі хард дискіде сақталған”, – деп қосты ол.
Еске салсақ, "Яндекс Go" істемей қалған күні такси бағасы үш есеге жуық қымбаттатқаны үшін inDrive-ке ескерту жасалған еді.
Шошқа тұмауы Қазақстанға жетті: Неден сақтану керек
Дәрігер: "Қызу көтеріліп, бұлшықеттер мен буындардың ауырады"
Қолдан көлік аларда нені ескеру керек? Автосарапшы қазақстандықтар жіберетін қателікті айтты
Сарапшының сөзінше, көліктің бағасы нарықтағы орташа құнынан едәуір төмен болса, оның себебін анықтаған жөн
