Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сыйлықтың көкесі": Блогер Арман Жүсіпов жұбайына тосынсый жасап, ат мінгізді

Блогерлер Карина мен Арман
Фото: Instagram.com/oksukpaevak

Танымал блогер Арман Жүсіпов жұбайы Карина Оксукпаеваға жылқы сыйлап, көпшілікті таңғалдырды.

Ерекше сыйлықтың видеосын блогерлер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, жаңа сәйгүлігінің аты Пинто екенін айтты.

Блогердің сөзінше, ол бір кездері күйеуінен дәл осындай түстегі жылқы сыйлауды сұраған. Сонда Арман жұбайының тілегін міндетті түрде орындайтынын айтып, уәде берген екен. Арада уақыт өткенде ол сөзінде тұрып, әйеліне тосынсый жасаған.

“Танысып қойыңыздар, бұл – Пинто! Мұндай сыйлықты тіпті армандай да алмаппын”, – деп жазды Карина.

Ерекше сыйлыққа әнші Назима, Айжұлдыз Адайбекова, Айым Сейітметова, Индира Еділбаева, Салтанат Серікбаева және өзге де танымал өнер иелері пікір білдірді.

Желі қолданушылары да Арманның жұбайына жасаған тосынсыйын жоғары бағалап, түрлі пікір жазды.

“Жігіт iPhone сыйлайды, нағыз еркек ат мінгізеді”, “Айтты – орындады. Міне, азамат!”, “Қандай жарасымды отбасы!”, “Біреу көлік сұрайды, Карина жылқы сұрайды”, “Міне, 30 жастан асқандағы сыйлық деген осы!”, “Нағыз ер азаматтың ісі”, – деп жазды желі қолданушылары.

Еске салайық, бұған дейін Мейрамбек Бесбаев әнші Әбдіжаппар Әлқожаға сәйгүлік сыйлағаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 13 Қазан, 2026 14:08