Үш сағат жұмысқа келмегені үшін қызметінен айырылған қазақстандық 2,5 миллион теңге өндіріп алды
Оралда қызметкерді орнында үш сағаттан астам болмағаны үшін жұмыстан шығарып жіберген. Ер адам кейін бастығын сотқа беріп, қызметіне қайта орналасып, 2,6 миллион теңгеден астам өтемақы өндіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, мекеме қызметкерден тәртіптік жаза қолданбас бұрын жазбаша түсініктеме алмаған. Ал еңбек заңнамасы бойынша бұл міндетті талаптардың бірі.
“Сот жұмыс берушінің әрекеті заңға қайшы деген қорытындыға келіп, жұмыстан шығару туралы бұйрықты заңсыз деп таныды. Нәтижесінде ер адам бұрынғы қызметіне қайта қабылданды. Сондай-ақ оған жұмыссыз жүрген уақыты үшін 2 315 515 теңге орташа жалақы және өкілінің көмегіне жұмсаған шығыны үшін 350 мың теңге төлеу туралы шешім шығарылды”, – делінген хабарламада.

Әзірге сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін тойға барып тамақтан уланып қалған әйел де сот арқылы мейрамхана иесінен 220 мың теңге өндіріп алған болатын.
Шошқа тұмауы Қазақстанға жетті: Неден сақтану керек
Дәрігер: "Қызу көтеріліп, бұлшықеттер мен буындардың ауырады"
Қолдан көлік аларда нені ескеру керек? Автосарапшы қазақстандықтар жіберетін қателікті айтты
Сарапшының сөзінше, көліктің бағасы нарықтағы орташа құнынан едәуір төмен болса, оның себебін анықтаған жөн