Сыртқы істер министрлігі Шенген визасын алуды жеңілдетудің негізгі кезеңдерін белгіледі
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Кестутис Янкаускаспен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Келіссөздер барысында тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін, атап айтқанда, Қазақстан азаматтары үшін ЕуроОдақ елдерінің визалық режимін жеңілдету бойынша консультациялардың екінші раундын өткізуді талқылады.
Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің негізгі кезеңдері:
- виза алу үшін құжаттардың бірыңғай тізімін енгізу;
- консулдық алымдарды азайту;
- өтінімдерді өңдеу уақытын қысқарту;
- көп мәртелік визалардың әрекет ету мерзімін ұлғайту.
Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы консулдық саладағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту туралы келісімге қол жеткізілді. Қазақстан мен Еуроодақ қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдету бойынша ресми консультацияларды өткен жылдың мамыр айында бастауға келісті.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтарды қажылыққа виза алып береміз деп алдаған деген күдікпен туристік фирманың басшысы ұсталған еді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”