Синоптиктер Қазақстанның 7 қаласының тұрғындарына ауа сапасына қатысты ескерту жасады
Фото: freepik.com
Синоптиктер 18 қаңтарда Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қазгидромет” мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер және Ақтөбе қалаларында тіркеледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы факторларының жиынтығы.
Мұндай жағдайда қала тұрғындарына далада, әсіресе автожолдар мен өзге де лас көздердің маңында жүрмеуге кеңес беріледі. Ал өкпенің созылмалы ауруларына, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық дерттерге шалдыққан адамдар сыртқа шыққан кезде қажет дәрі-дәрмектерін өзімен бірге ала жүргені жөн.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"