Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
"Қазгидромет" 6-8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Болжамға сәйкес, елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қатты жауын-шашын болады. Еліміздің солтүстік өңірлерде қар жауса, ал оңтүстік аймақта қар аралас жаңбыр жауады. Сондай-ақ бұрқасын желдің күшейіп, көктайғақ пен тұман болады. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.
- "Халық кептелісте тұр, хандар талтаңдап жүр": Алматыда тоқтаусыз жауған қардан көшелер жабылып, тұрғындар шағымданды
- Шымкентте мектеп оқушылары қашықтан оқуға жіберілді
Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты бес облыста тас жолдар жабылған еді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"