"Жаңбыр жауып, үсік жүреді": Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады
Қазгидрометтің болжамынша 1-3 қыркүйек күндері Қазақстанның басым бөлігінде солтүстіктен келген антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз, құрғақ әрі көбіне бұлтсыз ауа райы болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түнгі уақытта республиканың солтүстік жартысында кей жерлерде үсік жүреді. Сонымен қатар күндіз ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі.
1-2 қыркүйекте республиканың солтүстігі мен шығысында, орталығында солтүстік циклонның жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен түнгі уақытта жаңбыр және жылбысқы қар түрінде жауын-шашын, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Сондай-ақ Алматы облысының таулы аудандарында найзағаймен бірге қатты жаңбыр және бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жел күшейеді. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнгі және таңертеңгі уақытта кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Елдің батысында түнде ауа температурасы +10+18°C, күндіз +25+30°C-тан +28+33°C-қа дейін біртіндеп жоғарылайды. Маңғыстау облысында түнгі негізгі температуралық фон +13+21°C, күндіз +27+32°C-тан +30+35°C-қа дейін аздап көтеріледі. Солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 0,+5°C, кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік, кейін +2+7°C аралығында болады. Өңірдің батысында +10°C-қа дейін, топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүруі мүкін. Күндіз ауа температурасы +10+28°C-тан +20+33°C-қа дейін көтеріледі. Шығыс және орталық өңірлерде түнде ауа температурасы 0,+5°C, өңірдің оңтүстігінде +10°C, кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік жүреді деген болжам бар. Күндіз температура +12+25°C-тан +15+30°C-қа дейін жоғарылайды. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде түнгі ауа температурасы +13+18°C-тан +10+15°C-қа дейін, таулы аудандарда +5+10°C-тан +3+8°C-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +20+25°C-тан +18+23°C-қа дейін, таулы аудандарда +10+15°C-тан +7+12°C-қа дейін аздап өзгереді.
Қазақстан бойынша 2026 жылдың қыркүйек айына арналған ауа райы болжамы
Қыркүйекте Қазақстанның барлық аумағында ауаның орташа айлық температурасы тамыз айымен салыстырғанда біртіндеп 5-7°С-қа төмендейді. Консультативтік болжамға сәйкес, қыркүйек айының басында Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ауа райы жаздағыдай ыстық болады деген болжам бар. Ал елдің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күзге тән салқын ауа райы орнап, жауын-шашын түседі, жаңбырдың қарға ұласып, жел екпін алуы мүмкін. Алайда бірінші онкүндіктің ортасынан бастап республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болып, температуралық фон айтарлықтай жоғарылайды:
- Республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында күндіз ауа температурасының +25+35°С-қа дейін жоғарылайды;
- Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында (Қостанай облысында), орталығында және шығысында түнде ауа температурасы 0...+8°С болады. Кей жерлерде топырақ бетінде 1-3°С үсік жүреді. Ал күндіз ауа температурасы +10...+18°С-тан +22...+30°С-қа дейін көтеріледі;
- Елдің оңтүстігінде түнде ауа температурасы +13+20°С, күндіз +25+35°С болады. Оңтүстік-шығыста түнде +10+18°С аралығында, күндіз +20+28°С-тан +25+33°С-қа дейін жоғарылайды.
Бірінші онкүндіктің екінші жартысында батыс және солтүстік-батыс өңірлерге, одан кейін республиканың қалған аумағында кезекті солтүстік-батыс циклонының енуінің әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын түсіп, жел күшейеді, аптап ыстықтың беті қайтады.
Қыркүйек айының екінші және үшінші онкүндіктерінде температуралық фонның ауытқуы, үсікке дейін төмендейді:
- Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 0,+5°С-тан, топырақ бетінде 3°С үсік +11+16°С-қа дейін, күндіз +27+35°С-тан +12+22°С-қа дейін ауытқиды;
- Елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы түнде 0,+5°С-тан, топырақ бетінде 3°С үсік +5+13°С-қа дейін, күндіз +20+30°С-тан +8+17°С-қа дейін;
- Қазақстанның оңтүстік жартысында ауа температурасының түнде +2+10°С-тан, таулы аудандарда 1–6°С үсік +12+17°С-қа дейін, күндіз +25+33°С-тан +15+22°С-қа дейін ауытқуы болжанады.
Қыркүйек айында еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық норма шамасында болады деген болжам бар. Бұл ретте Батыс Қазақстан облысында, Атырау және Маңғыстау облыстарының батысында ауа температурасы нормадан 1°С-қа жоғары болуы ықтимал.
Жауын-шашын мөлшері негізінен норма шегінде болуы мүмкін. Әдеттегіден көбірек жауын-шашын еліміздің қиыр батысында, солтүстік-батысында және солтүстік-шығыс бөлігінде болжанады. Ал оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде нормадан аз жауын-шашын түсуі мүмкін.