Құрбандық шалмақшы болған: Елордада сиырды кранмен көтергендер әрекеттерін түсіндірді
Нұр-Сұлтанда салынып жатқан ғимарат учаскесінің қожайыны сиырға қатысты жағдай үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен осы оқиға болған салынып жатқан нысан учаскесінің бастығымын. Оқиға үшін кешірім сұрағым келеді. Ниетіміз таза еді - құрбандық шалып, кейіннен етті аз қамтамасыз етілгендерге тарату, бірақ... Оқиға үшін ел азаматтарынан тағы да кешірім сұраймын", - деді ер адам.
Полицейлер оқиға 15 ақпанда сағат 11.30-да Нәжімеденов көшесінде салынып жатқан үйдің соңғы қабатында болғанын мәлімдеді.
"Қызметкерлер инциденттің барлық қатысушыларын анықтады. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - деп түсіндірді полицияда.
Еске салайық, Нұр-Сұлтанда жұмысшылар тірі сиырды кранмен үйдің төбесіне шығарғаны хабарланды.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда