Нұр-Сұлтанда тірі сиырды кранмен үйдің төбесіне көтерген
Нұр-Сұлтанда жұмысшылар тірі сиырды кранмен үйдің төбесіне шығарған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео Instagram парақшада жарияланды.
"Не үшін? Біреу түсіндіре ме!? Нұр-Сұлтанда сиырды құрылыс кранымен төбеге көтерді", - деп жазды автор.
Қолданушылар сиырды соймақ болды деген болжамын айтты. Көпшілігі мұндайды тек жабайы адамдар жасай алатынын атап өтті.
Елорда полициясы тәртіп бұзушыны жауапқа тартатынын атап өтті.
"Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталғаннан кейін құқықтық баға беріледі. Тәртіп бұзушы жауапкершілікке тартылады, - деп түсіндірді ведомствода.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту