Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыбайластық әрекеті анықталмады: Елорда әкімдігі білім басқармасы басшысының қаржы жымқырғанын жоққа шығарды

Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасарына тағылған сыбайлас жемқорлық айыптауға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Шоғанбай жұмыс орнында.  Иә, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі тіркелді. Алайда ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің 2021 жылғы 15 наурыздағы аудиторлық есебі бойынша компьютерлер мен ноутбуктардың баға түзіліміне қатысты заң бұзушылық, сондай-ақ сыбайластық әрекет те анықталмады", - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева. 

Еске сала кетсек, осыған дейін желіде білім басқармасы басшыларының жемқорлық әрекеттеріне қатысты сот алды тергеу шаралары жүріп жатыр деген ақпарат тараған болатын. 

Ал күні кеше ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов оқиғаны растап, тергеу амалдары жүріп жатқанын айтты.  

STAN.KZ
Сәрсенбі, 07 Сәуір, 2021 09:18
Талқылау