Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елорданың білім басқармасының басшылары ноутбук сатып алуға бөлінген қаржыны жымқырды деп күдіктелуде

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы сыбайлас жемқорлық әрекет жасады деген күдікке ілінді. Бүгінде сот алды тергеу шаралары жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Нұр-Сұлтан қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ш., ЖШС директоры О. "2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамыту" мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде дағдарысқа қарсы іс-шараларға бөлінген жалпы сомасы 869 миллион теңгені құрайтын бюджет қаражатын ысырап етті деп күдіктелген. Олар Қазақстан Республикасы үкіметінің резерві есебінен ағымдағы қызметті жүзеге асырады", - деген ақпарат тарады. 

Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында Олжас Бектеновке тілші оқиғаға қатысты пікір білдірсеңіз деп өз сауалын жолдады. 

"Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының құрал-жабдықтарды жоғары бағамен сатып алу фактісі бойынша сот алды тергеудің тіркелгенін растаймын. Тиісті сараптама қорытындысы бар. Тергеу жұмысы жүріп жатыр, сондықтан оның нәтижесі туралы айтуға әлі ерте", - деп жауап берді Олжас Бектенов. 

 

Талқылау