Нұрқожа Қайпанов күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді
Нұрқожа Қайпанов Астанада өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда ресейлік Иналбек Шериевке 4:10 есебімен есе жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
28 жастағы спортшы осымен әлем чемпионатындағы төртінші медалін иеленді. Ол 2019 жылы күміс, 2024 жылы алтын, ал 2025 жылы қола медаль жеңіп алған. Ол үш жүлдені 70 келіге дейінгі салмақта алған.

Астанада өткен әлем чемпионатына 135 елден 900-ге жуық спортшы қатысты. Әлем чемпионатына келген қонақтар жарыс кезінде қолдау ерекше болғанын айтты.
Айта кетейік, Қазақстандық еркін күрес балуаны Нұрқожа Қайпанов 2025 жылы Амманда (Иордания) өткен Азия чемпионатының финалында жеңіске жеткен еді. Ол 74 келіге дейінгі салмақтағы шешуші белдесуде қырғызстандық Орозбек Токтомамбетовтен басым түскен. Күрес 2:1 есебімен балуанымыздың пайдасына аяқталған.
Оған қоса Қайпанов 2024 жылы Тиранада өткен әлем чемпионатында 70 келі салмақта жеңіске жетіп, алтын жүлде иеленді. Бұған дейін ол 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында күміс, 2025 жылы қола жүлде алған. Сонымен қатар үш дүркін Азия чемпионы атанып, 2022 жылы Ұлан-Батырда өткен құрлық біріншілігінде күміс медаль иеленген.