Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте сарбаздар жүкті әйелді құтқарып қалды

Шымкентте 6506 әскери бөлімінің сарбаздары жүкті әйелдің өмірін арашалап қалды.

ҚР Ұлттық гвардия баспасөз қызметініің мәліметінше, 20 қаңтар күні кешкілік қатардағы сержант Кенжетай Отарбай, Тұрар Уахит пен аға сержант Хамиджан Миргазием жол үстінде жатқан әйелді көреді.

Сарбаздар әйелдің жүрек соғысын тексеріп, Кенжетай Отарбай оған алғашқы көмек көрсетеді. Өзінің оқтан қоғайтын күртесін әйелдің астына төсеп жіберіп, жүрегіне массаж жасап, жасанды дем берген. Бұл кезде Хамиджан Миргазием жедел жәрдем шақырған.

Құтқарушылардың алғашқы көмегінен соң әйел есін жиып, емханаға жеткізілді. Сарбаздар дер кезінде көмек көрсетіп, әйелді ғана емес, құрсағындағы сәбиді де аман алып қалды.

Тағы да оқыңыз:

Жүкті қазақ әйелі қытай түрмесінен Қазақстанға қашып келген

Шымкент тұрғыны жүкті әйелін оңдырмай ұрып, құрсағындағы сәбиін өлтіріп тастады

Ақтөбеде аудан әкімі алтын сағатын тележүргізушіге шешіп берді (фото)

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр