Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғыны полицейлерден таяқ жегенін елге жариялағаннан кейін ғана тәртіп сақшыларына қатысты іс қозғалды

Шымкентте үш полицейден аяусыз таяқ жеп, шұлықпен мұзда тұрдым деген Салауат Асқаровтың шағымынан кейін, тексеру ақыры басталыпты. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер департаменті  мәлімдеді.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Отыз сегіз жастағы шымкенттік тұрғын Салауат Асқаров өз үйіне үш бірдей учаскелік полиция инспекторы келіп, қандай мақсатта келгенін, кім екенін таныстырмастан, аяқ киімінсіз көлікке күштеп отырғызғанына шағым айтқан болатын. Артынша аяусыз соққы алғанын да жеткізген. Ал әйелі болған көріністі ұялы телефонына түсіріп отырған.

«Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Осы қызметтік тексеру қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданады», – дейді ОҚО ІІД Баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да тоққа түсіп бір қолынан айырылған бала енді аяқсыз қалуы мүмкін

Павлодарлық оқушылар диабетке қарсы сусын ойлап тапты

Баян Алагөзова атышулы Байзақованы бостандықтағы жылқыға теңеді

Баян Мақсатқызының төлқұжаты желіде тарап кетті

Талқылау