Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында мұғалім "батыр" образында сабақ беріп жүр

Шығыс Қазақстан облысында оқушылар ұлттық спорт түрлері мен салт-дәстүрлер бойынша ерекше тәлім алып жүр. Үржар ауданы, Көкөзек ауылында мектепте арнайы сабақ енгізілген.

Бұл туралы “Хабар 24” хабарлайды.

Сабақта асық ату мен тоғызқұмалар сынды ұлттық ойындардан бөлек, жабайы құстарды қолға үйретудің де қыр-сыры айтылады. Үстіне батырларша киім киген Тәттімбек Кәпұлы қолына тірі бүркітті алып, оның аңшылық өнердегі ерекшелігін оқушыларына ұғындырмақ.

Тәттімбет ұлттық спорт және салт-дәстүр туралы ұңғыл-шұңғылынан білетін азамат. Бірнеше рет ел чемпионатында да топ жарған. Енді ол өз білгендерін ауыл балаларымен бөліспек.

“Қазір әр оқушының қолында бір-бір телефоннан бар. Технология өте жылдам дамып жатыр. Әрине өркениет көшіне ілесу керек. Бірақ, менің ойымша біз ұлттық дәстүрлеріміз бен бабаларымыз қалдырған әдет-ғұрыпты да естен шығарып алмауымыз керек”, – дейді Тәттімбек Кәпұлы.

Мұндай сабақты өткізу идеясын аудандық билік бірден қолдаған. Оқушылар аптасына сегіз сағат ұлттық салт-дәстүр мен спорттың қыр-сырын меңгереді.

Жіберіп алмаңыз:

Украинада қазақстандық журналист Жанар Ахмет ұсталды

Депортациядан қорыққан ана екі ұлын суға батырып жіберді

Теміртауда күйеуін пышақтап өлтірген әйел абақтыда асылып қалды

Алдағы күндері қар аралас жаңбыр жауып, аяз болады

Талқылау