Швейцария Қазақстанды карантин тізімнен шығарды
Швейцарияның Федералды Денсаулық сақтау басқармасы Қазақстанды карантинді сақтау қажет елдер тізімінен алып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Наша газета"басылымына сілтеме жасай отырып.

Жаңа "карантиндік" елдердің тізіміне он ел кірді. Тізімнен сегіз мемлекет, соның ішінде Қазақстан мен Қырғызстан алынып тасталды. Жаңа тізім 7 қыркүйектен бастап шығады.
Өткен тәулікте Швейцарияда коронавирус инфекциясын жұқтырған 444 науқас тіркелді және бір науқас көз жұмды.
Карантиндік елдер тізіміне Ливан, Гвиана, Ливия, БАӘ, Парагвай, Сан-Марино, Тринидад және Тобаго, Украина, Француз Полинезиясы және Хорватия кіреді.
Тізімнен Бельгия, Қазақстан, Қырғызстан, Люксембург, Мексика, Оман, Сальвадор және Свазиленд шығарылды.
Айта кетейік, ДДҰ COVID-19 пандемиясы екі жыл ішінде аяқталатынын болжады.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған