ДДҰ басшысы коронавирус пандемиясының аяқталу мерзімін атады
ДДҰ COVID-19 пандемиясы екі жыл ішінде аяқталатынын күтеді. Бұл туралы ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ол атап өткендей, 1918 жылғы "испан тұмауы" індеті, 2 жылға созылған, ал ДДҰ-да індетке қарсы көптеген технологиялар бар.
"Үлкен байланыстар арқылы вирус тез таралады, бірақ бізде оны болдырмайтын технология бар. Сондықтан жаһандану және үлкен өзара байланыс түріндегі кемшілігіміз бар, бірақ технологияның да артықшылығы бар", - деді ұйым басшысы.
Бұған дейін ДДҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай бағдарламасының директоры Майкл Райан адамзат жақында коронавирусқа қарсы коллектитві иммунитет дамытпайды деген болжамды жариялаған болатын.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын