Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шомылмаңдар деп ескерттік": Қапшағайда төрт адам суға батып кеткен демалыс орнының басшысы оқиға жайлы

Қапшағай су қоймасында төрт адам батып кеткен демалыс аймағының өкілі оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

"Голубой залив" деген аты болғанымен, жағалауы шомылуға толық жарақтандырылмаса да бұл ауданды жағалайтындар көп. Кеше таңертен бір үйдің бес адамы осында демалуға келген. Толқын көтерілгенде екі ағайынды бала бата бастап, артынан ағасы, әпкесі мен әжесі құтқаруға ұмтылған.

Марқұмдардың денесі табылған жағажай қазір жұмысын жалғастырып жатыр. Осында істейтін күзетші олардың арғы беттен ағып келгенін айтады.

“Шомылатын жерден 4 адам болған жоқ деді. Сонда мен осы жерде тұрдым, естігенім мына пляжға біреуін әкеліп тастаған. Сонан осы жерден іздеді, бұл жерден таппады да жақтан үшеуін тауып алды. Шамалы жел болғаннан кейін желменен алып кетіп қалған оларды”, – дейді куәгер Ермахан Жәңгіров.



Қайғылы оқиға болған сәтте толқын жағаға ұрып тұрған көрінеді. Мұндай жағдайда суға түсуге болмайтынын бәрі білгенмен, көбі ескермеген. Ал ағайындылар ағып кеткен демалыс аймағының есігі қазір жабық тұр. 

Демалыс орнының қожайыны жағалауымыз барлық талапқа сай деген ойынан танбай тұр. Айтуынша, толқын көтерілгенде оларды суға түспе деп бір емес, үш рет ескерткен.

“Үш рет біздің құтқарушылар ескертіп айтты. Толқындарды көрсеттік. Олар алғашында келіскен. Сосын білгендерін істеді”, – дейді демалыс орнының басшысы. 

Марқұмдардың аман қалған апасы ауруханаға жеткізілгенмен, жатудан бас тартқан. Қонаев қаласында судағы қауіпсіздікті құтқарушылар қадағалайтын негізінен ресми рұқсат етілген жеті жағалау бар. Жабайы жағалаулар да жетерлік. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, шомылу маусымы басталғалы Жетісу мен Алматы облысында жеті адам суға батып кеткен, оның екеуі бала.

Талқылау