Павлодар облысында балаларын құтқармақ болған екі ер адам көлге батып кетті
Павлодар облысы Баянауыл ауданында балаларын құтқармақ болған екі ер адам Торайғыр көліне батып кетті. Қайғылы оқиға 23 маусымда болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Анықталғандай, қарағандылық отбасы жасақталмаған жағажайда демалып жүрген.
"Куәгерлердің сөзінше, ер адамдар 2008 және 2013 жылдары туған балаларын құтқармақ болған. Қаза тапқандар 1978 және 1986 жылдары туған. Ер адамдардың мәйітін сүңгуірлер бір сағатта алып шықты", – делінген Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
Балалар жағалауға шыға алған. Олар жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді. Жағдайлары тұрақты.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған