ШҚО-да әжей жертөлеге құлап, соның ішінде жарты күн жатқан
Шығыс Қазақстан облысындағы Первомайский ауылында зейнеткер жертөледе жарты күн жатқан. Оны түстен кейін ғана көршілері естіпті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ШҚО ІІД
Әже тосап алу үшін таңғы 4-те жертөлеге түспек болып, ішіне сүрініп құлаған. Содан кейін өздігінен орнынан тұра алмапты. Осылай жарты күн жердің астында жатқан. Түскі астан кейін ғана көршілері оның айғайын естіп, жедел жәрдем мен полицияға хабарласқан.
“Оқиға орнына учаскелік инспекторлар Азамат Балтабаев пен Орал Азамбаев жедел жеткен. Құтқарушылар мен полицейлер арқанның көмегімен зейнеткерді жертөледен шығарып алып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды”, – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
Қазір әже медициналық мекемеде мамандардың бақылауында.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"