Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтенов пен Дана Әтешова атышулы мүлік дауы бойынша келісімге келді
Коллаж Stan.kz
Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасы Марат Әйтенов пен оның бұрынғы жұбайының арасындағы мүлік дауына нүкте қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2024 жылы экс-шенеуніктің ағасы Марат Әйтенов бұрынғы әйелі Дана Әтешова мен балаларын Астанадағы үйінен күштеп қуып шыққан еді.
Дана Әтешова әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы күйеуімен мүлікті бөлісу бойынша келісімге келгендерін мәлімдеді.
"Мені тоғыз жыл бойы ұрып-соқты": Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновтің әйелі сотта сөйледі
“Тоғыз жыл неке, бес жыл сот процесі – екі тараптан да эго, ауыртпалық пен күрес. Соған қарамастан, біз мүлікке қатысты медиациялық келісімге қол қойдық. Келісім сотпен мақұлданды, екі тарап та разы”, – деп жазды әйел.
Әтешованың айтуынша, тараптар алимент мәселесінде әлі ортақ келісімге келе алмаған.
Еске салсақ, 2024 жылдың маусымында Шымкенттің экс-әкімінің ағасы әйелі мен балаларын үйінен қуып шыққан еді.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген