Шымкенттік шенеунік 500 мың пара алғаны үшін 15 млн төлейтін болды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шымкенттегі бөлімінің басшысына жарты миллион парамен ұсталғаны үшін 15 млн айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров шенеунікке қатысты үкім 21 тамызда шыққанын айтты.
"Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шымкент қаласы бойынша талдау бөлімінің бастығы Сейілбекұлын 15 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттейтін үкім шығарылды", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттің баспасөз қызметі.
Данияр Биғайдаров бұл лауазымды тұлғардың әкімшілік құқық бұзушылығы туралы кодексінің 162-бабы бойынша 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп жатқанын түсіндірді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар