Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шенеуніктер оқушыларға ноутбук сатып алуға бөлінген ақшаны ұрлады

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Қаратөбе аудандық білім бөлімінде 6 миллион теңге (шамамен 15 мың доллар) жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шенеуніктер бір топ адаммен сөз байласып, мектеп оқушыларына арналған 100 ноутбук сатып алуға бөлінген ақшаны ұрлады деген күдікке ілінді.

Ұрлық 2020 жылдың мамыр айында, төтенше жағдай кезінде болған және оны аудандық бөлім қызметкерлері мердігер ұйыммен бірге жасаған деп болжануда.

Талқылау