Шымкенттік каратэшілер Мәскеудегі премьер-лига турнирінде чемпион атанды
Ресей астанасы Мәскеуде каратэден Премьер-лига турнирі мәресіне жетіп, еліміздің спортшылары үш алтын медаль жеңіп алды.

Бұл сында Шымкент қаласының спортшылары екі алтын жүлдені қоржынға салды.
68 келі салмақтан жоғары дәрежедегі Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева финалда ресейлік Вера Ковалеваны жеңіп, алтын медаль иеленді. Айта кетелік, бұл Софьяның Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы жарысы.
Ерлер арасындағы бәсекеде Қайсар Алпысбай топ жарды. Ол 60 келі салмақтағы финалдық сында ресейлік Евгений Плахутиннен басым түсті.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады