Шымкентте жол үстіндегі жанжал жаппай төбелеске ұласты (видео)
Видеодан скрин
Шымкентте жүргізушілер арасындағы жол үстіндегі жанжал жаппай төбелеске ұласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желідерде тарады. Кадрлардан бір топ ер адамның жолдың үстінде төбелесіп жатқанын көруге болады.
Шымкент қалалық полиция департаменті төбелеске қатысқан барлық адам ұсталғанын хабарлады. Полицияның мәліметінше, төбелеске жол үстіндегі жанжал себеп болған.
“Жолдың жүру бөлігінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі бойынша “Бұзақылық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысқан барлық тұлға жедел түрде анықталып, ұсталды. Жол үстіндегі жанжал ашық төбелеске ұласқан. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Шымкент полициясы қала тұрғындарына жол үстінде күш қолдану арқылы “есеп айырысу” қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
Еске салсақ, бұған дейін де Шымкентте жол апатынан кейінгі дау төбелеске ұласып, бір адам қаза тапқан еді. Артынша қаза тапқан ер адамның танымал жаттықтырушының ұлы екені белгілі болды. Осы секілді атышулы оқиғалардан кейін Шымкент полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"
Қыркүйекте доллар құны қалай өзгереді – Сарапшылар қаржы нарығына болжам жасады
Қаржы сарапшысы Айбар Олжай доллардың алдағы уақытта жағдайы бойынша пікір білдірді.