Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім Алматыда жұмыс істеп жүрген жерінен табылды
Шымкентте 15 жастағы мектеп оқушысы жоғалып кетіп, ағасы полицияға жүгінген. Жасөспірім Алматы қаласынан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Otyrar” порталына сілтеме жасап.

Арызданушы Абай аудандық полиция бөліміне 15 жастағы інісінің белгісіз бағытқа кетіп, үйіне оралмағанын айтқан. Отбасы жасөспірімнің қайда екенін білмеген.
Полицейлер із-түзсіз жоғалған 15 жасар балға іздеу жариялап, қала бойынша жұмыстар жүргізілді. Бірақ ақырында ол Алматыда жұмыс істеп жүрген жерінен табылды. Белгілі болғандай бала басқа қалаға кетіп, көлік жуу орнында жалдамалы жұмысшы болып жұмыс істеген.
Жасөспірім ата-анасына аман-есен қайтарылды.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен