Шымкентте көшеде ән салған үш полицей елдің ықыласына бөленді
Шымкентте қала күні мен Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында үш полицей Арбатта ән шырқап, мегаполис тұрғындарының қошеметіне бөленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Otyrar” порталына сілтеме жасап.

Арбат алаңында өнерлерін көрсеткен тәртіп сақшылары елдің назарына ерекше түсіп, айналасына жастар мен үлкендерді жинады.
Ербол Әбіғалиев, Бақтияр Ермекбаев және Руслан Ақпаров Мұхтар Ханзаданың "Сен туралы" әнін орындап, ерекше ықыласқа бөленді.
Трио өздерімен бірге гитара сүйемелдеушісін алып жүрген. Өтіп бара жатқандар оларды көріп тоқтап, қосылып бірге ән айтып, қошемет көрсетіп, смартфондарына белсенді түрде түсірген.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды