ҰБТ бейнежазбаларын тексеру нәтижесінде бір талапкердің нәтижесі жойылды

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) бейнебақылау жазбаларын тексеру нәтижесінде бір талапкердің нәтижесі жойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 10 мамырда басталған негізгі ҰБТ-2026 науқанының басынан бері тестілеу шамамен 292 мың рет тапсырылған. Талапкерлердің 72%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 28%-ы орыс тілінде және 469 рет ағылшын тілінде тапсырған.
Алты аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 68%-ы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл – 64 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Әлтайыр жинады.
Министрлік мәліметінше, алты апта ішінде 624 ереже бұзушылық анықталған.
385 талапкер смартфондар, смарт көзілдіріктер, микро құлаққаптар, шпаргалкалар мен басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілсе, тағы 238 талапкер тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылған.
“Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 1 талапкердің нәтижесі жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ”, – делінген министрлік хабарламасында.
Министрлік ҰБТ аяқталғаннан кейін 2026 жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізілетінін атап өтті. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу деректері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.
Еске салсақ, бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда ҰБТ-ны алмастыруы тиіс, талапкерлерге арналған жаңа балама тест туралы айтып берген еді.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Оқыңыз