Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам зоопаркте үш жасар баланы қолтырауындар вольеріне тастап жіберген

қолтырауын бала зоопарк
Фото: bbc.com

Ұлыбританияның Кембриджшир графтығында мүгедектігі бар ер адам зоопаркте үш жасар баланы қолтырауындар вольеріне лақтырып жіберді. Бұл туралы BBC News-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 18 маусым күні болған.

“Оқыс оқиға болған жерде бұрын сиырларға арналған қора болған, кейін ол жер қолтырауындар торына бейімделіп қайта жабдықталған. Ол жерде ұзындығы 3,5 метрге дейін жететін ніл қолтырауындары бар”, – деп мәлімдеді полиция.

Норфолк қаласының 30 жастағы, психикалық ауытқуы бар тұрғыны, жетекшісімен бірге экскурсия кезінде бақылау алаңында тұрған баланы кенеттен ұстап алып, шамамен 1,2 метр биіктіктегі металл қоршаудан асыра лақтырып жіберген. Бала шамамен 4,5 метр биіктіктен бетонға құлаған. Зоопарк иесінің жұбайы Трейси Джонсон дереу вольерге түсіп, баланы қолтырауындардан құтқарып қалған.

Баланың қолы мен жамбас сүйегі сынған, жағдайы тұрақты ауыр. Ол Адденбрук ауруханасына жеткізілді. Кейін анықталғандай, ер адам мен бала бір-бірін танымайтын болып шықты. Оқиғадан кейін зоопарк тропикалық павильонды жабуға мәжбүр болды.

“Негізгі жарақаттар құлағаннан болған, бірақ бала қолтырауындардың жанына түскен жағдайда рептилиялардың шабуыл жасауы мүмкін еді”, – дейді дәрігерлер.

Күдікті қамауға алынған, алайда оны тергеуге қабілетсіз деп танығандықтан, қыркүйекке дейін кепілмен босатылған. Тергеу жалғасып жатыр.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 22 Маусым, 2026 16:36