Жамбыл облысында 765 миллиард теңгелік жел станциясы салынбақ: Іс прокурорлардың араласуынан соң шешілді

Жамбыл облысында тіркеуді ұзақ созғанның кесірінен жел электр станциясының құрылысы тоқтап қала жаздады. Прокуратура бұл кедергінің алдын алып, процессті жеделдетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
TotalEnergies франциялық компаниясы 765 миллиард теңгелік жел электр станцияларын салу бойынша ірі жобаны жүзеге асырып жатқан. Жоба жыл сайын жаңартылатын энергия көздерінен 1 ГВт-қа дейін электр энергиясын өндіруге, 150 жұмыс орнын құруға және бюджетке қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Инвесторға нысан құрылысын жүргізу үшін 1 693 гектар жер учаскесі берілген. Алайда жерді бөлу туралы әкімнің қаулысы мемлекеттік тіркеуден уақытында өтпеген. Оны уәкілетті орган созбалаңға салған. Соның кесірінен жобаға қауіп төнді.
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетпен бірлесіп, компанияның құқықтарын қамтамасыз етті.
“Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде заңбұзушылықтар жойылып, қаулы белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткізілді. Ал инвестордың құқықтары қалпына келтірілді. Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмыстар жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада.
Жамбыл облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды 8 (775) 891-25-52 телефоны арқылы немесе 115 нөмірлі Call-орталыққа хабарласуға шақырады.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Оқыңыз