Жекеменшік инвестор 180 миллиард теңгеге елдегі жол бойында қызмет көрсету нысандарын салмақ

Қазақстан үкіметі "Car Park Transformer" ЖШС компаниясына елдегі үлкен трассалардың бойына жаңа жол бойы қызмет көрсету орындарын салуға рұқсат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Премьер-министр қол қойған қаулыға сәйкес, бұл жобаға салынатын жеке инвестиция көлемі – 179,5 миллиард теңге.
Инвестор 2030 жылға дейін 250 нысан салуды жоспарлап отыр. Ал алғашқы 50 станция 2026 жылы-ақ пайдалануға берілуі тиіс.
Бұл станциялар трассалар бойындағы демалыс аймақтарында орналасады және ішінде мыналар болады:
- Санитарлық тораптар (әжетханалар),
- Сауда нүктелері,
- Қызмет көрсету орындары,
- Электромобильдерге арналған қуаттау станциялары,
- Күн энергиясымен жұмыс істейтін қондырғылар.
Үкімет бұл жоба жол бойы қызмет көрсету желісін кеңейтуге және электр көліктеріне арналған инфрақұрылымды дамытуға көмектеседі деп санайды. Сонымен қатар шамамен 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деген болжам бар.
Көлік министрлігінің мәліметінше, қазір елдегі халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойында 1428 қызмет көрсету нысаны жұмыс істеп тұр.
Оқыңыз