Жасанды интеллект министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкімет қаулысымен Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. 2025 жылдың қазанынан бері вице-министр қызметін атқарып келген келген Дмитрий Мун қызметінен босатылды.
Ғиззат Байтұрсынов 1994 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Малайзияның Азия-Тынық мұхиты технологиялар және инновациялар университетін, Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясын бітірген.
2010–2019 жылдары – бағдарламашы, "Ел-Қонды" ЖШС-ның Малайзиядағы өкілі, "Ел-Қонды" ЖШС техникалық жабдықтау бөлімінің басшысы, мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы.
2019–2022 жылдары – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаментінің Электрондық өнеркәсіптің мемлекеттік саясаты басқармасы сарапшысының м.а., сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы.
2022–2024 жылдары – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаментінің басқарма басшысы, директордың орынбасары, директор.
2024–2026 жылдары – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы.
2026 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның Ыстамбұлдағы бұрынғы бас консулы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны туралы жазған едік.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Оқыңыз