Ер адам қызбен кездесуге шығамын деп 840 мың теңгесінен айырылды
Ақтөбеде ер адам кафеде көңіл көтеремін деп ақшасынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адам сол кеште таныс қызға алкоголь алып бермек болған. Кештің қызған шағында қыз жігіттің ұялы телефонын ұрлап кеткен. Содан кейін ол әжетхана бөлмесіне барып, жәбірленушінің шотынан досына 840 000 теңге аударған.
Ер адам ақша жоғалғанын келесі күні есін жиғаннан кейін байқаған. Байланыссыз және ақшасыз екенін түсінген ол дереу полицияға хабарласқан.
Күдікті тез анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Белгілі болғандай, ол ұрланған соманы жеке шығындарына жұмсап қойған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, полиция қылмыстың барлық мәліметтерін анықтайды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды
