Тоқаев цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу стратегиясын бекітті

Тоқаев цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу стратегиясын бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы “Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі “Digital Qazaqstan” жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы” жарлыққа қол қойды.
Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды жасанды интеллект жылы деп жариялаған еді.
Осы жылдың сәуір айында Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген еді. Сол кезде президент тотальды цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу Қазақстанды жан-жақты жаңғыртудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы елде Digital Qazaqstan стратегиясы бекітілетінін де хабарлаған, бұл құжат елдің цифрлық даму бағытын айқындайды.
"Өздеріңіз білесіздер, биыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Сондықтан әлі де атқарылатын жұмыс көп. Алға қойған міндеттерге қол жеткізу үшін біз бірлікте болып, аянбай еңбек етуіміз қажет", – деген еді мемлекет басшысы.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген
Оқыңыз