Айдана Меденова КешYou-дың Астанадағы концертіне қатыспайтынын мәлімдеді
Танымал әнші Айдана Меденова “КешYou” тобының 20 жылдық мерейтойына орай Астанада өтетін концертке қатыспайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші мұны әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Өнер иесі Stories-інде оқырманының “20 жылдық концертте боласыз ба?” деген сұрағына жауап берген.
“Жоқ, бұл жолы қатыспаймын”, – деп қысқа қайырды.

Өнер иесінің мәлімдемесінен кейін желі қолданушылары наразылықтарын білдіре бастады.
“Мынау не тағы? КешYou концертіне билет алып қойдым, ал қазір Айдана Меденова қатыспайды дейді. Бұл қалай? Алтын құрамсыз ба?”, “КешYou-дің концертіне билет алынды. Бірақ “Алтын құрамда” Айдана Меденова қатыспайды екен. Енді қалғандары да қатыспаса, оның несіне барамыз өзі?”, “Біз билетті топтың “Алтын құрамы” үшін арнайы сатып алған едік. Айдана Меденованың концертке қатыспайтынын билет сатылымы басталмай тұрып неге ескертпеді? Меніңше, біз сияқты көпшілік те билетті дәл осы құрам үшін сатып алды”, – деп жазды олар.

Еске салайық, бұған дейін “КешYOU” тобы Астанада үлкен мерейтойлық концерт өткізбек екені хабарланған еді. Продюсер Баян Алагөзова ұжымның 20 жылдығына арналған шоудың қашан өтетінін жария етті. Концерт 19 қыркүйекте елордадағы “Барыс Аренада” өтеді.
Продюсердің айтуынша, Астанада концерт өткізу туралы шешім жанкүйерлердің көп өтінішінен кейін қабылданған. Ұйымдастырушылар бағдарламаны шамамен 40% жаңартып, Алматыдағы концерттен кейін байқалған кемшіліктерді түзеткен. Сонымен қатар шоу жаңа алаңның мүмкіндігіне бейімделген.
Шоудың түсірілім тобы корей жұлдызының "аяқ асты" келуіне қатысты өтірік айтты деген айыптауларға жауап берді