Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жанар, Кәмшат, Айдана мәңгі есте": Сахнаға сайта бірге шыққан КешYOU-дың алтын құрамы желіні жарды

Жанар, Айдана, Кәмшат
Фото: instagram.com/zhanar_dugalova

Демалыс күндері Алматыдағы Орталық стадионда КешYOU тобының 20 жылдық мерейтойлық концерті өтті. Кеште көпшілік арасында “алтын құрам” атанған әншілер – Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева және Айдана Меденова қайта бас қосып, бірге өнер көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде олардың бірге ән айтқан сәтінен кадрлар жарияланып, қызу талқыланып жатыр. Қазақстандықтар Threads желісінде арнайы жазба жариялап, алтын құрамды сағынғандарын ашық жазған.

Мәселен Айжан есімді қолданушы алтын құрам сахнаға бес минутқа шығып, сахнаны “жарып” кеткенін жазған.

“Алтын құрам” сахнаға шыққанда стадион дүр сілкінді. Бірақ ең әсерлі сәт кейін болды: трибуна бір сәтке тым-тырыс қалды. Сол үнсіздіктің өзінен-ақ бәрі түсінікті еді – аңызға айналған құрам өз орнына қайта оралды”, – деп жазған ол.

Тағы бір қолданушы концерттің жоғары деңгейде өткенін, ал оның шарықтау шегі – алтын құрамның өнер көрсетуі болған.

“КешYou-дың концерті керемет өтті. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Ең соңғыдан бастап, ең алғашқы құрамға дейін барлығы мінсіз. Оның үстіне толықтай жанды дауыспен. Шоу деген шынымен де осындай болу керек. Киімдері, сахна, әр әнді жеткізуі барлығы ең жоғарғы деңгейде. Алтын құрам залды жарды, энергиялары бүкіл залды шулатты”, – деп жазды ол.

КешYOU тобының бұрынғы құрамының қайта сахнаға шығуына “МузАРТ” тобының әншісі Сәкен Майғазиев те пікір білдірді.

“Көрермендер топтың “алтын құрамы” деп атап кеткен қыздарға бір минут бойы тоқтаусыз қол соқты!” – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова КешYou-дың концертіне қатыспайтынын мәлімдегені хабарланған еді. Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның сөзінше, концерт өзісіз де жоғары деңгейде өтеді. Ол, осылайша, өнер жолындағы үлкен бір тараудың бетін жабатынын жеткізді.

“Кешьюдың концертіне қатыспау туралы шешім қабылдадым. Менсіз-ақ, алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін. Осылайша, өнер жолымдағы үлкен бір кезеңнің бетін өзім үшін жабамын”, – деп жазды ол.

Ал Баян Алагөзова оның бұл шешімін сатқындық деп бағалады. Продюсер ашуын жасыра алмай, Мөлдір Әуелбекованың бұл қылығына мүлде таңғалмағанын айтты.

“Мөлдір Әуелбековадан мен дәл осыны 100 пайыз күттім. Ол мені жолдың ортасында тастап кетті. Ол кезде мен барлық процесті бастап қойған едім. Кемінде 200 мың доллар жұмсап қойған едік”, – деді продюсер.

Баян Алагөзованы Мөлдір Әуелбекованың концерт процесі жүріп жатқан кезде біржақты шешім қабылдап, алдын ала жеке хабарламай, көп алдында концертке қатыспайтынын жариялағаны қатты ренжіткен.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 01 Маусым, 2026 14:00