"Мөлдір мен Балжан кім еді": Динара Сәтжан КешYou айналасындағы дауға араласты

Танымал журналист әрі тележүргізуші Динара Сәтжан КешYou тобының 20 жылдығына қатысты туындаған дауға пікір білдіріп, құрбысы Баян Алагөзованы жақтап шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, Баян Мақсатқызы мен Бағым Мұхитденованың еңбегін бағалау керек екенін айтты.
Динара Сәтжанның сөзінше, КешYou – жай ғана музыкалық топ емес, талай қызға жол ашқан үлкен мектеп.
“Кешью” тобына 20 жыл. Шынын айтқанда, бұл – нағыз армия. Иә, Баян талапшыл. Кейде қатал. Бірақ мықты тәлімгерлер әрдайым ыңғайлы бола бермейді. Олар қысым жасайды, себебі сенің өзің де байқамауың мүмкін әлеуетті көре біледі”, – деп жазды ол.
Журналист осы жылдар ішінде КешYou арқылы ондаған қыздың өткенін атап өтті. Оның айтуынша, олардың көбі топқа көпшілікке беймәлім жас әнші болып келіп, кейін есімі танылған, өз аудиториясы қалыптасқан өнер иесіне айналды.
“Мөлдір Әуелбекова мен Балжан Бидаш ол кезде кім еді? Арманы бар жас қыздар еді. Ал бүгін кім? Танымал, табысты, өнерде өз орнын тапқан әйелдер”, – деді Динара Сәтжан.
ОқыңызОл әншінің өз жолына ықпал еткен адамдарға алғыс айтуы әлсіздік емес екенін жеткізді.
“Адамдарды трамплин ретінде пайдалану – шоу-бизнесте кездесетін нәрсе делік. Бірақ Баян мен Бағоля сияқты трамплин болмағандай кейіп таныту – бұл енді ұсақтыққа жақын”, – деп жазды журналист.
Динара Сәтжанның пікірінше, мансап жолына қосылған үлесті мойындау және мерейтойлық концертке қатысу – сыйластықтың белгісі.
Сондай-ақ ол Баян Мақсатқызы мен Бағым Мұхитденованың Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері екенін еске салып, бұл атақтың көп жылғы еңбектің бағасы екенін айтты.
“Мемлекет мойындады. Ел мойындады. Ал Мөлдір мен Балжан кім болыпты, өздеріне есім қалыптастыруға үлес қосқан адамдардың еңбегін жоққа шығаратындай?” – деп жазды Динара Сәтжан.
Мән-жайы
Еске салайық, бұған дейін продюсер Баян Мақсатқызы әнші Балжан Бидаштың КешYou тобының мерейтойлық концертіне қатыспайтынын мәлімдеген еді. Оның сөзінше, әнші топ туралы деректі фильмде өзіне қатысты айтылған пікірлерге ренжіп қалған. Продюсер әншінің әуелі концертке қатысуға келісіп, кейін бас тартқанын да сынға алды. Оның айтуынша, мұндай шешім шығармашылық ұжымды ыңғайсыз жағдайда қалдырған. Продюсер осы оқиғадан кейін Балжан Бидашпен арадағы қарым-қатынасының аяқталғанын жеткізді.
Ал Мөлдір Әуелбекова желідегі парақшасында КешYou-дың концертіне қатыспайтынын мәлімдеген еді. Оның сөзінше, концерт өзісіз де жоғары деңгейде өтеді. Ол, осылайша, өнер жолындағы үлкен бір тараудың бетін жабатынын жеткізді.
“Кешьюдың концертіне қатыспау туралы шешім қабылдадым. Менсіз-ақ, алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін. Осылайша, өнер жолымдағы үлкен бір кезеңнің бетін өзім үшін жабамын”, – деп жазды ол.
Ал Баян Алагөзованың оның бұл шешімін сатқындыққа теңеді.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?