Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, олардың төрағалары сайланды
Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай сайланған соң сегіз тұрақты комитет құрылып, олардың төрағалары сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құрылтайдың алғашқы отырысы жалғасып жатыр. Құрылған сегіз тұрақты комитет пен олардың төрағалары мынадай:
- Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті – Серік Егізбаев;
- Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті – Үнзила Шапақ;
- Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті – Марат Қожаев;
- Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті – Әмірбек Оспанбеков;
- Әлеуметтік-мәдени даму комитеті – Асхат Аймағамбетов;
- Қаржы және бюджет комитеті – Ольга Перепечина;
- Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті – Дархан Ахмедиев;
- Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті – Наталья Годунова.

Сонымен қатар осы тұрақты комитет құрамындағы депутаттар тізімі де айтылды.
Еске салсақ, Тоқаев "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Жарлыққа қол қойып, үкіметті таратқан болатын.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар