Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам робот шаңсорғыш арқылы әйелінің опасыздығын дәлелдеп, сол үшін сотталды

робот шаңсорғыш
Фото: Shutterstock

Тайваньдық ер адам әйелінің опасыздық жасағанын дәлелдеу үшін робот шаңсорғышты пайдаланды. Ол әйеліне және оның сүйіктісіне қарсы сот ісінде жеңіске жетті, бірақ кейінірек әйелінің жеке өмірін заңсыз жазып алғаны үшін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ер адам 2021 жылы үйленді. Ерлі-зайыпты ата-анасымен бірге тұрып, демалыс кезінде қаланың шетіндегі үйге барып тұрған. 2023 жылдың қыркүйегінде ер адам сол жерден пайдаланылған тіс щеткасын тауып алып, әйелінің көзіне шөп салғанына күдіктенді. Кейінірек тұрақтағы кадрлар арқылы әйелін үйіне әкеліп салған бейтаныс ер адамды байқайды.

Үш айдан кейін ер адам кіріктірілген аудионы пайдалану үшін робот шаңсорғышты мобильді қосымша арқылы қашықтан іске қосты. Құрылғының камерасыәйелдің басқа ер адаммен көңіл жарастырғанын түсіріп алды. Ер адам жазбаны дәлел ретінде сақтай бастады.

Видеода әйелінің киімін ауыстырып, болжамды сүйіктісін құшақтап, үйде жалаңаш жүргені көрсетілген. Кейін ер адам жазбаны сотқа ұсынып, әйелі мен оның серіктесінен неке құқықтарын бұзғаны үшін 2 миллион Тайвань долларын (31 миллион теңге) талап етті. Сот жұптың қарым-қатынасы достық шеңберінен шығып кеткенін анықтап, оларды ер адамға 500 000 Тайвань долларын (шамамен 7,7 миллион теңге) төлеуді бұйырды.

Әйелі қарсы талап арыз беріп, күйеуін оның келісімінсіз жеке көріністерді жасырын түрде жазып алды деп айыптады. Ер адам видео азаматтық сотта дәлел ретінде танылғанын және оның әрекеттері заңды түрде негізделгенін алға тартты.

Сот келіспеді. Шешімге сәйкес, неке адамның жеке өміріне қол сұғылмау құқығын жоққа шығармайды және жазба әдейі жасалған. Робот шаңсорғыштың шамдары немесе дыбыстары да әйелдің жазба туралы білгенін немесе оған келіскенін көрсетпеді.

Ақырында, ер адам заңсыз жазба жасағаны үшін 5 айға бас бостандығынан айырылып, және 150 000 Тайвань доллары (2 миллион теңге) айыппұл арқалады. 

Қырмызы Скендір
Жұма, 28 Тамыз, 2026 15:20