"Кішкентай батыр": Ингушетияда досын құтқару үшін өзенге секіріп кеткен 8 жастағы баланың денесі табылды

Ингушетияда досын құтқару үшін Сунжа өзеніне секіріп кеткен 8 жастағы Хизир Дербичевті іздеу жұмыстары аяқталды. Баланың денесі шамамен бір аптадан кейін табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Республикалық үкіметтің мәліметінше, Хизирдің денесі 22 маусым күні жергілікті уақытпен 16:50-де табылған. Осыдан кейін Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарының ресми түрде аяқталғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда.
Қайғылы оқиға 15 маусым күні болған. БАҚ мәліметінше, Хизир Сунжа өзенінің жағасында екі досымен бірге болған. Адам есімді бала суға құлап кетіп, ағаш бұтағына немесе тамырға жармасып үлгерген. Хизир оған көмектесу үшін суға секірген, алайда қатты ағысқа төтеп бере алмай, су алып кеткен. Үшінші бала ересектерді көмекке шақыру үшін жүгіріп кеткен, соның нәтижесінде Адамды құтқарып қалу мүмкін болды.
Бұл оқиға үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Желі қолданушыларды Хизирді "кішкентай батыр" деп атай бастады: адамдар оның ересек адам сияқты әрекет етіп, қорықпай досын құтқаруға тырысқанын жарыса жазды. Куәгерлердің айтуынша, Хизир өзенге секірер алдында жанындағы досына: "Кеттік, біз еркекпіз ғой, құтқарайық" деп айтқан көрінеді.
Хизирді іздеу жұмыстарына мыңдаған адам: құтқарушылар, еріктілер мен жергілікті тұрғындар, сондай-ақ Шешенстан, Дағыстан, Солтүстік Осетия, Қабарды-Балқар және Қарашай-Шеркес Республикаларынан келген еріктілер қатысқан.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады