Қазақстандықтарға енді қоңырау шалған ресми ұйымдардың атауы көрініп тұрады

Қазақстандықтарға енді қоңырау шалған ресми ұйымдар атаулары көрінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елде банктерден, тұтынушыларды қолдау қызметтерінен және басқа да компаниялардан келетін қоңырауларды міндетті түрде белгілеу енгізіліп жатыр.
“Абоненттерге заңды және жалған қоңырауларды ажыратуға көмектесу үшін ұялы телефон құрылғыларында қоңырауларды белгілеу енгізілді. Банктерден, қызмет көрсетушілерден және басқа да ұйымдардан келетін заңды қоңыраулар телефон экранында көрсетіледі”, – деді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің орынбасары Досжан Мұсалиев.
Бұл ережелер келесі айдың соңында байланыс желілерін қорғауға және алаяқтықпен күресуге бағытталған басқа да заңнамалық түзетулермен бірге күшіне енеді. Дегенмен министрлік тек техникалық шешімдер жеткіліксіз дейді. Қылмыскерлер адамдарды алдаудың жаңа схемаларын үнемі жасап жатқандықтан, халықтың цифрлық сауаттылығын арттырып отыру қажет.
ОқыңызСонымен қатар министрлік ұялы байланыс операторларының қызметтеріне ақылы жазылымдар мәселесін шешті. Бұрын абоненттер бір түймені қате басу арқылы ақылы қызметке "келісетін" еді, бірақ қазір бәрі өзгереді. Операторлар ақылы қызметтерді тек пайдаланушы SMS немесе телефон қоңырауы арқылы келісімін растағаннан кейін ұсынуы тиіс.
"Бұл мәселелер қоғам тарапынан кеңінен көтерілді. Біреуге қоңырау шалып, кейін абонент қолжетімді болған кезде тоқтаусыз "маяк" арқылы ақпарат беретін. Тіпті түнде де қоңырау келе берді. Енді бұлай болмайды. Оның орнына тек хабарламалар болады", – деді Досжан Мұсалиев.
Еске салсақ, Қазақстанның мобильді операторлары ақылы жазылымдарды қосу үшін клиенттің екі мәрте келісімін алуға міндеттеледі.